Кентау колледжінің «Өзін-өзі басқару ұйымы» мүшелерімен еріктілер тобы , Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қыйылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу тарихи тағлым беру мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Республикасынан шығарылуына 33жыл толу күніне орай ауған соғысының ардагері Дайрабаев Мырзахмет Нурлыбайұлының шаңырағына барып қайтты.

Ауған соғысының ардаргері жастарға бейбіт күнде соғыс отын көріп келгендігін, ішкі әскердегі қызмет жолынан, ауған соғысындағы естеліктерінен біраз әңгіме тарқатты.

Ардагер сөзі жас буынның санасына ой салды, жүрегіне жетті деген ойдамыз! Аман жүріңіздер, жауынгер ағалар! Ауған соғысының ардагерлері! Отбасыларыңызға амандық мықты денсаулық тілейміз.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!