Кентау колледжінде «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты тақырыпта студенттер арасында колледж жастар ісі жөніндегі инспекторы Изатуллаева Айгерім  пікірсайыс өткізді.

Бұл пікірсайыстың мақсаты:  бүкіл әлемдік өрмек-интернетке байланысты студенттердің білімдерін нығайту, тиянақтау, интернет туралы толық ойын қалыптастыру студенттердің бойына тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп ортада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сақтық деген—әрқашан байқап жүрмек,  пайда не залал ма ескерілмек, көргенін естігенін есепке алса, сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасымен қатар зияны да баршылық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!