Қазақ ағартушысы ақын жазушы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл және ақын жыршы Жамбыл Жабаевтың туылғанына 175 жыл толуына орай «Тұлғалар мұрасы-ұрпаққа аманат» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияда аға буынның өнегелік істері мен ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамытуда қала деңгейінде ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүргені үшін, қала әкімінің орынбасары А. Байболованың Алғыс хатымен Кентау колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Моминова Элеонора Бердіқұлқызы  марапатталды.

Құттықтаймыз!

Қажырлы еңбегіңізге толағай табыс, өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ береке тілейміз!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!