Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Елбасы күніне орай колледжде «Елбасы ел тірегі» атты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың туып өскен жері, ұлт көшбасшысының  өмір жолы туралы білім алушыларға баяндау; Елбасының еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отан сүйгіштікке, азаматыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету.

Туған жерге отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Іс-шарада Елбасы жайлы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты кинофильмнен үзінді,«Елбасы және тәуелсіздік», «Ғасырлар тоғысқанда» атты кітап көрмесі, Елбасына арнаған жыр-шумақтар, балалық шағынан қысқаша үзінді көрініс көрсетілді, іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!