Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ақын, жазушы, Кентау қаласының мақтанышы Махажанов Мухит Әбдәшімұлының «Сыршыл ақын» әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті.

Әдеби кешке колледж студенттері  қатысып ерекше әсерде болды.

Кеште, ақын Мухит Махажановтың түрлі өлеңдері оқылып, қысқаша өмір-баянынан видео роликтер қойылып, Кентау қаласының талантты әншілері ақынның әндерін орындады, және де бұл іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақты патриотыққа тәрбиелеу маңыздылығы, қоғамда жастар өздерін қалай ұстауы жөнінде көп әңгімелер айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!