ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында “Кентау колледжі” “Жастар ресурстық орталығында 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай іс шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталған іс шарада колледж директоры К.А. Жумабаева 1 курс білім алушыларын атаулы мерекемен құттықтап, сынақ кітапшалары мен студенттік билеттерін табыстады және оқу барысында білімімен бірге қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытқан озат студенттерді арнайы “Алғыс хаттармен” және сыйақы мен марапаттады. Іс шараға колледж инспекторы полиция аға лейтенанты Иманбеков Ғалымжан Аманбайұлы қатысып, құттықтау сөзбен жылы лебіздерін жеткізіп, бүгінгі күні құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақтауға шақырды. Колледж “Өзін-өзі басқару” ұйымы мүшелері мен белсенді студенттер өз өнерлерін көрсетті! Мереке құтты болсын құрметті студенттер!!!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!