Кентау колледжінде қала әкімі апппаратының басшысы А. Өміртаймен бекітілген дін мәселелері бойынша, колледж білімалушыларын түрлі жат діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында, 1-2–3 курс студенттері арасында “ Деструктивті және экстремистік ұйымдардың жақтаушыларының рухани - психологиялық портреттерінің өзгешеліктері” атты тақырыпта арнайы теолог мамандар Абдрахман Бауыржан мен Қыпшақпаев Нұрперзенттің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс шарада Қазақстан қоғамындағы дәстүрлі діннің рөлі, жат ағымдар туралы, дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы әңгіме өрбіді. Іс шара барысында қатысушы студенттерден теріс діни ағымдардың халық арасында  әсерін, дәстүрлі емес теріс діни ағымдарға қарсы иммунитеттің қалыптасқандығын, талдау мақсатында сауалнама алынды.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!