Кентау колледжінің «Өзін-өзі басқару ұйымы» мүшелері 1 қазан
қарттар күніне орай « Ардагерлерді ардақтайық» атты әлеуметтік
қолдау іс-шаралары негізінде қарияларымыздың үйіне барып,
мерекемен құттықтап қайтты. Құрметті ардагерлер, сіздерді шын
жүректен 1 қазан- Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз.
Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Қарты бар елдің
қазынасы бар! Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету ата-
бабадан келе жатқан салтымыз екенін жастарға ұғындыру.
Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын
сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатынын
қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!