Кентау колледжінде 2021жылдың қыркүйек айының 23-24 аралығында колледж ішілік 1,2,3 курс білім алушылар арасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай  «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта жарыс өткізілді.

Жарыстың мақсаты: Студенттер арасында волейбол ойыны арқылы дене шынығуын нығайтып жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру,топтар арасында достықты нығайту,студенттерді нашақорлыққа және жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу.

Жарыс төреші жасаған кестеге сәйкес айналмалы жүйелі түрде өткізілді, нәтижесінде жиналған ұпайлар санына қарай жеңімпаз топтар анықталып,жүлделі орындармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!