Бүгін 10-тамыз Абай күні. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толады. Оның бөтен сөзбен былғамай, сөз патшасы-өлеңмен қиыннан қиыстырған асыл сөздері көптеген ұрпақтың жазушылары мен ақындарына үлкен әсерін тигізіп, үлгі болды. Қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасы Абайдың мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды заман тынысы.














