Құрметті талапкер! 25 маусымнан бастап колледждердің талапкерлеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау басталады. Талапкер өтінішті 3 тәсілмен бере алады:
1. Электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz;
2. College SmartNation порталы арқылы (college.snation.kz);
3. Қағаз нұсқасында.
 
ҚР БҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығының өзгерістеріне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын тағайындау Конкурсына қатысу үшін орта буын маманын даярлау мамандығына 4 колледжден 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін өтініш береді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!