ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ (КОЛЛЕДЖ) СТУДЕНТТЕРІ!
 
 
"Түркістан-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мамыр айының 24-28 жұлдызы аралығында “Таза сессия” акциясы аясында онлайн сауалнама жүргізетінін хабарлаймыз.
 
 
Онлайн сауалнаманың басты мақсаты: Оқу орындарындағы емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу және ашықтықпен академиялық адалдықты қамтамасыз ету.
 
 
Акция нәтижесі білім беру ұйымындағы оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды және білім ордасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
 
 
Сауалнама 10 сұрақтан тұрады және 1 минут уақытыңызды алады. 
 
 
Толтырушы туралы ақпарат құпия сақталады.
 
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!