«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» жариялануына байланысты колледждердің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ЖШС «Кентау колледжі» кітапхана жастардың кітап оқу мен кітапханаға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында өз оқырмандарының арасында «Суретшінің ғажайып әлемі» атты қалалық бейне жазба түсіру байқауы өтті. Байқау қорытындысы шығарылды. Қорытынды бойынша өзінің белсенділігін танытып, шығармашылық қабілетін көрсете білгені үшін студенттерді Мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!