Кентау колледжінде “Ерте жүктіліктің алдын алу, отбасын дұрыс жоспарлау” тақырыбында ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы студенттерге айтып, түсіндіру. Іс-шараға Кентау ПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция лейтенант Софиев Ақтөре Ауелбекұлы, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы  А.Курманбаева, Далдекеева Асем 

Жастар ресурстық орталығының психологы, Зияда Алымхан қызы

Кентау қаласының қыздар секторы, Моминова Элеонора Бердикуловна

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қонақтарының қатысуымен өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!