Кентау колледжінің "Парасаттылық мектебінің" мүшелерінің орындаған «Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ!» атты сурет battle өтілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар.

 

Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Зерттеулерге сәйкес, жемқорлық - теріс құбылыс. Бұл қоғамның негіздерін бұзады, дамуға қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!