ЖШС Кентау колледжінің студенттері " Короновирус ( Pandemic COVID -19): салдары мен жеңудің ықтимал жолдары" тақырыбында Online режиміндегі Республикалық студенттік ғылыми- практикалық конференциясына үздік ізденіс жұмысын ұсынып, жетекшісі Арнайы пәндер цикл  оқытушысы  Пренов Нишанбек Меирбекович 
" Емдеу ісі" мамандығы, "Фельдшер біліктілігінің" III курс ФР -18-1 тобының студенті Абдрасилова Жанарды және IVкурс  ФР-17-1 тобының студенті Боев Данилді жоғарыда аталған конференцияға дайындағаны үшін арнайы сертификатпен және жоғары оқу - танымдық қабілеттілік танытқаны үшін  аталған студенттер III -дәрежелі дипломмен  және сертификатпен марапатталды.
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!