“Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі” деп Абай атамыз айтқандай Кентау колледжі “”Мейірімділік жүректе, мейірімділік-жан айнасы” тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Сарсенова Л. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Моминова Э.Б. колледждің өзін-өзі басқару, саналы ұрпақ мүшелерімен және ізгілік елшілерімен бірлесе отырып, топтар арасында семинар сабақ өткізілді.

Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді.

– Әр адамның мейірімді әрі қайырымды болуы оның отбасындағы тәрбиесіне, өскен ортасына да тікелей байланысты. Қазақ халқы қашаннан балаларын ата-анаға, өзінен кішілерге қамқор болуға баулып отырды. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген нақыл сөздер арқылы айналасындағы адамдарды мейірімділікке тәрбиеледі. Аталмыш қасиет адамдарға ғана мейірімділік көрсетумен шектелмейді. Өзіңді қоршаған ортаға, табиғатқа деген мейірімділіктің де болуы қажет. Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі басқаларға қамқор болу, өзгенің мүддесін өз мүддеңнен жоғары қою деген сөз. Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп, әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады.Ұрпақтың мейірімді болып өсуі ананың ақ сүтімен бала бойына дариды. Сондықтан қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі жан дүниесінің сұлулығымен үндес болуы тиіс. Қыздардың бойында мейірімділік, қамқорлық сезімі болуы үшін, олар сол сезімге бөленіп бой жетіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін қалыптастырады. Қазіргі кезде жаһандану үрдісі жайлап жатқан уақытта балалар ақпарат құралдарынан неше түрлі жауыздықты, қаныпезерлікті көріп өсіп келеді.

Мемлекеттер арасындағы қырғын соғыс, балалардың ата-аналарына, аталардың балаларына көрсеткен қиянаттары бала санасын уламай қоймасы әбден шындық. Сондықтан оқу орнында да ұстаздар қауымы ауқымды істер атқарып, мейірімділік пен қайырымдылық аясында көптеген шаралар өткізіп тұрса, ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етері сөзсіз. Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!