Студенттер күнімен құттықтау!

Құрметті  Кентау колледжінің студенттері сіздерге шын жүректен мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ өмір, таусылмас бақыт,ашық аспан, талмас қанат, қажымас қайрат,  оқуларыңызда сəттілік,  Сіздермен Қазақ Елі қунансын! Елді қуантатын білім мен білік, күш-қайрат, нұрлы жүрек  тілейміз!!!

 Дүниежүзіндегі тыныштықтың тірегі болар бақытты да білімді студенттер болуларыңызды шын жүректен тілейміз! Осы шақты бағалап, оқу мен көңілді кештерді, мәдени өмірді қатар алып жүріңіздер. Осындай ұл-қыздарды тәрбиелеген ата-аналарыңыз аман болсын. 25-30 жыл өтсе де бір-бірлеріңізді сағынысып, қуаныштарда бас қосатындай дәрежеде болыңыздар!Барша Студенттер қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен:   Кентау колледжі»

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!