Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
1) жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
2) білім алушылардың тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
3) педагогтермен, топ жетекшілерімен байланыс жасайды;
4) оқу үшін жағдай жасайды;
5)санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, білім алушылардың денсаулығы үшін қажетті жағдайлар жасайды және оларды инфекциялық ауруларды жұқтырудан сақтайды.