
Жаңалықтар
-
2025-2026 оқу жылына "Кентау колледжінде" Студенттер кеңесі "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшелерін сайлау мақсатында студенттермен кездесу өткізілді -
Кентау колледжінде 08.09.2025ж нашақорлық өмірді улайтын жол бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді -
Кентау колледжінде жастар арасында иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/СПИД) жайлы сауаттылықты арттыру мақсатында “СПИД-ке қарсы күрес” атты пікірталас өтті -
25 қазан – Республика күніне орай Кентау жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде ұйымдастырылған спартакиада
Галерея
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.
Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.
Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!






























