Бүгінгі өткізіліп жатқан Кентау колледжінің әкімшілігі мен студенттер арасынан құрылған «Өзін – өзі басқару ұйымы» мүшелері және қалалық емхананың дәрігер мамандарымен және ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ұйымдастырылған «Өз денсаулығың өз қолыңда!» атты іс –шараның мақсаты қазіргі коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде қала тұрғындарына, өзін –өзі қорғау қажеттілігін және маңыздылығын ескерте отырып инфекциядан алдын –алу және медициналық қызметтер көрсету, инфекциялық аурулардан қорғану жұмыстарын түсіндіру болып табылады. Себебі қазіргі уақытта респираторлық инфекцияларды жұқтыру қаупі өте жоғары, Сондықтан біз еліміз үшін өте қиын жағдайда қала тұрғындарына осылай өз көмегімізді көрсетуді жөн көрдік.Құрметті қала тұрғындары Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда, адам көп жиналатын жерлерде міндетті түрде бетпердені киюді ұмытпаңыздар! Басымызға түскен бұл қиыншылықты бәріміз бірге жеңеміз, Біз біргеміз!
https://medkolledjkentay.kz/ru/obrazovanie-2/142-zin-zi-bas-aru-jymy-2.html#sigFreeId3c63e1d8e8