Цели деятельности колледжа: подготовка квалифицированных специалистов для соответствующих отраслей здравоохранения, создание необходимых условий для получения профессионального образования, направленного на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижениях науки и практики.

Тоғайбай Дінмұхаммед Есенбекұлы 2012 жылы Кентау колледжіне, 0301000 "Емдеу ісі" мамандығына, 030101 3 фельдшер біліктілігіне оқуға түскен. Колледж қабырғасында өзін тек жақсы жағынан көрсетті, мамандығына қызығушығылық танытып, колледжде өткен оқу-өндірістік, диплом алдындағы практика өту барысында "өте жақсы" деген бағасымен, практика жетекшілерінен оң көрсеткіштерімен аяқтаған. Кентау колледжін 2016 жылы, фельдшер біліктілігімен аяқтады. Қазіргі таңда Тоғайбай Дінмұхаммед "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында фельдшер қызметін атқарады. Колледжде жинақтаған білімі мен практикалық дағдыларын көрсете білген шәкіртіміз Дінмұхаммед, қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау саласында өте білікті сапалы қызмет атқаруда.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде болып жатқан Covid-19 пандемиясына қарсы күресте де өзінің біліктілігін, ерлігін, нағыз халқына адал қызмет ететіндігін көрсетті. Тоғайбай Дінмұхаммед Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан " Наши герои" құрмет тақтасына ілінген. Кентау колледжі осындай қиын жағдайда, өзінің шәкірттерінің елге қажет кезінде, жоғары сапалы, мамандандырылған қызмет көрсеткен "Ел батырларымен" мақтан тұтады және алғысын білдіреді. Колледж әкімшілігі Дінмұхаммедке еңбегі әрқашанда жемісті болуына, Денсаулық сақтау саласында жетістіктерге жетуіне, өз ісінің майталманы болуына шын жүректен тілеуін білдіреді! Колледж шәкірттеріміздің әрбір жетістігі біз үшін үлкен қуаныш және мақтаныш.


Колледжіміздің түлегі Медеуов Нұрлан Серікұлы 2009 жылғы 0401002 Емдеу ісі мамандығы, фельдшер біліктілігімен білім беру ұйымын тәмәмдаған.Қазіргі таңда Кентау қалалық орталық ауруханасында Хирургия, реанимация бөлімінде жұмыс істейді.2020 жылы елімізде ковид пандемиясы кезінде, аянбай еңбек еткені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша Медеуов Нұрлан Серікұлы «Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды.Түлегіміздің жетістігіне өте қуаныштымыз! Шәкірттеріміз осылай әрқашанда қуанта берсін!