/3636.jpg

Кентау колледжі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында,

оқу тәрбие жұмыстары бойынша

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында сындарлы диалог елдің тұрақтылығына, оның одан әрі дамуына септігін тигізеріне тоқталды. Әсіресе, ол Жолдауда тиімді экономика, заңнамаларды жетілдіру, ұлт бірлігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне бас назар аударып отыр.2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

           Еріктілікті дамытудың 7 бағыты қарастырылған:

1. Bilim

2.Sabaqtastyq

3.Saýlyq

4.Taza Qazaqstan

 5.Asyl мura

6.Qamqor

 7.Úmit Bilim

 «Saýlyq» бағыты медициналық еріктілікті дамытып, науқастарға қамқорлық көрсетуді көздейді. Ал «Taza Qazaqstan» жобасы қоршаған ортаны қорғауға үйретеді. Басқа да жобалар атауларына қарай осы секілді жүйелі жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
  Осыған орай «ZHASTAR.KZ» жобасын қолдап, мақсатқа жету үшін, коледже бірнеше клубтар құрылды.

    Кентау колледжінде 1.«Мейірімді еріктілер клубы» құрылды.

    Клуб мақсаты -  халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, медициналық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру

   КЛУБ МІНДЕТТЕРІ:

  • «Мейірімділік-жүректен» қайырымдылық акциясы бойынша: мүгедек балаларға  олардың ата-аналарына және мүгедектерді қолдау қорларының қайырымдылық шаралар жүзеге асыруға көмектесу;
  • «Менің отбасым» қайырымдылық акциясы бойынша: әлеуметтік тұрмысы төмен жайсыз отбасыларына, оралман отбасыларына гуманитарлық қолдау көрсету
  • «Қарттарға құрмет» ардагер қарт адамдарға және жалғыз басты қарттарға медициналық көмек, гуманитарлық-әлеуметтік қолдау жұмыстары ұйымдастыру;
  • Әлеуметтік жауапкершілік еріктілер қозғалысы дәстүрлерін қолдау, дамыту және жалғастыру бойынша әлеуметтің маңызы бар қайырымдылық шараларға  қатысу;
  • Мүмкіндігі шекутеулі балаларға  психологиялық қолдау және  қайырымдылық акциялар  ұйымдастыру; 
  • Демеушілерді тарту және олардың әлеуметтік маңызды идеяларын, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда  еріктілер ретінде көмектесу;
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде, қоғамдық ортада, балаларды толыққанды әлеуметтендіру жұмыстарының жаңа формаларын  ұйымдастыру;
  • Халықаралық және аймақтық байланысты құру арқылы басқа да қоғамдық  (еріктілер) ұйымдарымен бірігіп әлеуметтік маңызды қызметтерді ұйымдастыру.
  • - бекітілген тәртіп пен ережелерді бұлжытпай орындауға;
  • - сапалы оқып, саналы тәрбие алуға, басқаларға үлгі болуға, клуб бағдарламасын қатаң сақтап бұлжытпай орындауға, клуб жұмысының алға басуына көмектесуге:
  • - клуб беделін арттырып, онда жолдастық ахуал орнауына көмектесуге;
  • - барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға.

 

Еріктілер ретінде клуб мүшелерінің қызметі:

  • рухани-адамгершілік (жеке адам ретінде физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік  және шығармашылық тұрғыда үйлесімді  дамуына  мүмкіндік беретін, жетім балалардың өзін-өзі тану,  өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену  азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жағдайлар жасау); 
  • әлеуметтік-педагогикалық (мүгедек баласы бар, девиантты мінез-құлықты баласы бар отбасындағы бала рөліне қатысты оның толыққанды өмір сүруіне  бағытталып ұйымдастырылған іс-шара)
  • идеологиялық-тәрбиелік (қоғамдық ортада балаларды әлеуметтендіру және азаматтық-құқықтық сауаттылығын  бекіту, түрліпартриотты-азаматтық бағыттағы акцияларға және шараларға қатысу)
  • мәдени-ағартушылық(қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік нормаларын, саяси-мәдени дәстүр құндылықтарын реттейтін еріктілердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін ұйымдастыру).
  • саяси-әлеуметтік (әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірігіп, әлеуметтік жетім және жайсыз отбасын мемлекеттік қолдау және бала құқығын қорғаумен қамтамасыз ету жұмыс тәжірибесін тарату);
  • жарнамалық-насихаттаушылық (еріктілер қозғалысының әлеуметтік маңызды идеяларын қолдау, дамыту әлеуметтік жарнамаларын ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету әлеуметтік жауапкершілігін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.)
  1. «Жас сарбаз» клубының  мақсаты -     Сабақтан тыс уақытта клуб жұмысы арқылы студенттердің Отанға деген  сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.Өз Отанын сүйуге, құрметтеуге,қорғауға баулу.  
  2. JASTAR.KZ» жобасын іске асыру мақсатында және «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасын іске асырудың мақсатын, міндеттерін және жүзеге асырылуын анықтайды. Жобаға қатысу Кентау колледжінің үздік студенттері туралы халықты ақпараттандыру құралы болып табылады.

Мақсаты: Кентау колледжінің дарынды жастарын қолдау, колледж студенттерінің білімдері, дағдылары мен таланттарының арқасында табысқа жеткенмен үздік студенттерді және жұмысшы біліктілікті танымал ету.

Міндеттері:Студент жастардың көшбасшы-студенттерді таңдауда белсенділігін арттыру, колледждің, қаланың, облыстық, республиканың қоғамдық өміріне қатысу;

  • Кентау колледж студенттерін білім алуға, құзыреттілікті арттыруға, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылуға ынталандыру;
  • Әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мәселелерді шешу үшін студенттерге барынша мүмкіндіктер беру;
  • Жастардың өзін-өзі дамытуға ұмтылысын қалыптастыру;
  • Жастар арасында белсенді өмір салтын насихаттау, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін жандандыру.

    Кентау колледжінің әкімшілігі тарапынан  бірнеше оқытушылар дауысқа салынып,  химия пәнінің оқытушысы С.Райымқұлова жоба жетекшісі болып тағайындалды .