Кентау колледжінің Саналы ұрпақ мүшелері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай құттықтауларын жеткізді. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.